Басты бет Жаңалықтар Жарияланым

🇰🇿 Республика күніне арналған мерекелік іс-шара! 🇰🇿 Балабақшамызда 25 қазан – Респ...

Балабақша өмірі

🇰🇿 Республика күніне арналған мерекелік іс-шара! 🇰🇿 Балабақшамызда 25 қазан – Респ...

🇰🇿 Республика күніне арналған мерекелік іс-шара! 🇰🇿

Балабақшамызда 25 қазан – Республика күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. 🇰🇿✨

Мерекелік шара барысында бүлдіршіндер Отанға деген сүйіспеншіліктерін ән мен жыр арқылы жеткізіп, тақпақтар айтып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Балалардың жүздерінен қуаныш пен мақтаныш сезімі байқалды.

Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімін ұялату, туған жерге деген құрметін арттыру және еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Барлық жаңалықтарға қайту